Басты бетЖарияланымЖобаны басқару

Жобаны басқару

Мақала, 15 наурыз 2023

Жобаны басқару (Project management, Управление проектами) – жоба талаптарын қанағаттандыру мақсатында қажетті білімді, дағдыларды, құралдар мен әдістерді жобалық іс-шараларда қолдану.

Яғни, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті әдістерді, құралдарды және құзыреттерді (компетенцияларды) қолдану болып табылады.

Бұл жобаны басқару үшін арнайы ойластырылып анықталған процестерді дұрыс қолдану және интеграциялау (біріктіру) арқылы жүзеге асырылады.

Жобаны басқару

Негізі, жобаны басқару компания, өнеркәсіп орындары және т.б. ұйымдарға жобаларды тиімді орындауға айтарлықтай мүмкіндік береді.

Жобаларды эффективті түрде басқару көптеген жеке түлғаларға, ұжымдар мен қоғамға және ұйымдарға келесідей мүмкіндіктер береді:

  • Бизнестің көздеген мақсаттарына жетуіне;
  • Мұдделі тараптардың күткен нәтижелерін қанағаттандыруға;
  • Алдын-ала болжам жасай алуға;
  • Жетістіктің ықтималдылығын арттыруға;
  • Дұрыс өнімді қажетті уақытында жеткізуге (шығаруға);
  • Туындаған мәселелер мен рисктерді дер кезінде шешуге;
  • Ұйымдардың ресурстарын оптимизациялауға;
  • Сәтсіздікке ұшырағалы тұрған жобаларды өз уақытысында анықтауға, қайта жандандыруға немесе тоқтатуға;
  • Жоба мазмұны, сапасы, кестесі, бюджеті, ресурстары секілді шектеуліктерді басқаруға;
  • Жобадағы шектеуліктердің тепе-теңдігін (яғни балансын) сақтауға;
  • Туындаған өзгерістерді тиімді түрде басқаруға.

Ал өз кезегінде, сапасыз басқырылған жобалар немесе жобаны басқарудың мүлде болмауы келесі нәтижелерге әкеп соқтыруы мүмкін, оның ішінде:

  • Кешіктірілген мерзімдер;
  • Артық шығын;
  • Нашар сапа;
  • Қайта жөндеу;
  • Жобаның белгіленген шегінен асып кетуі;
  • Ұйымның репутациясына нұқсан келуі;
  • Талаптары қанағаттандырылмаған мүдделі тараптар;
  • Жобаның көздеген мақсаттарына жетпеуі.

Жобаны басқару

Әрбір жоба ұйымдар үшін құндылықтарды тудыру мен пайда табудың кілті болып табылады. Бүгінгі бизнес ортада ұйым жетекшілері шектеулі бюджетпен, қысқа мерзіммен, ресурстардың тапшылығымен және тез өзгеріске ұшырайтын технологиямен басқара білуі керек. Қазіргі таңда бизнес ортада өзгерістердің динамикасы өте жоғары. Сол үшін әлемдік нарықта бәсекелестікке (яғни конкуренцияға) төтеп беру үшін, компаниялар бизнес құндылықтар өндіру мақсатында жобаны басқару саласына үлкен мән беруде.