Басты бетЖоба жайында

Жоба жайында

Жобаны Басқаруға арналған қазақ тіліндегі алғашқы онлайн ресурсына қош келдіңіздер!

Осы ресурстың пайда болуына аталмыш тематика бойынша дұрыс қазақ тілді материалдардың болмауы себеп болды.

Біраз жыл жергілікті және шетелдік компанияларда осы салада жұмыс істеп, тәжірибе жинап кеп, Жобаны Басқарудың әлемдік стандарты қандай, ғылыми түрде қарастырылған әдіс-тәсілдері бар ма деген сұрақтар туындады. Осылайша, зерттей келе әлемде кең таралған бірнеше стандарттар бар екенін білдім. Сұрастырулар мен ізденістердің арқасында біраз мағлұмат жинадым. Осы тақырыпты тереңірек қазбалауға, соған уақытымды, қаражатымды сарп етуге бел будым. Ақырында, осы сала бойынша арнайы оқудан өтіп, емтиханын сәтті тапсырып, әлемдік деңгейдегі Американдық сертификациясына қол жеткіздім.

Әрине, бұл оңай болған жоқ және пайдалы білім ешқашан оңай жолмен келген емес. Көп уақытты, шыдамдылық пен табандылықты талап етті. Дегенмен, қойған мақсатыма жеттім! Оған шүкіршілік етемін! Бірақта, бұл алған Әлемдік деңгейдегі білімнің практикалық құндылығы мен пайдасы бар екенін көріп, «Неге бұның барлығы қазақ тілінде жоқ?», «Неге қазақ қоғамы бұдан құр қалу керек?» - деген сұрақтар мазалады. Бірнеше жылдар бойы осы оймен жүріп, ақырында осы білімді қазақшаландыруға бел будым. Осыған уақытымды, бар білгенімді, күшімді, қаражатымды салдым. Соңында, тиісті нәтиже шықты. Сол нәтиже көз алдарыңызда.

Осының барлығы Қазақ елінің дамуы үшін, әсіресе, қазақ тілді жастар үшін жасалған дүние! Құндылығын түсініп, жұмысыңызда, кәсібіңізде, тіпті күнделікті өміріңізде пайдаңызға асырасыздар деп үміттенемін. Осы еңбек ақталып, елге пайдасы тиеді деп сенемін! Осы білім саласы ана тілімізде әрі қарай дамуы үшін, Ел боп жұмылып, өз қолдауыңызды аямаңыздар!

Ізгі ниетпен,
Айбол Жарылқасын (AJ)
AJ PROJECTS жобасының авторы
PMP (Project Management Professional)

Кері байланыс
Осы ресурс бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, осы форманы толтырып, хат жолдаңыз. Жауап беруге әрқашан дайынбыз!