Жобаны басқару
Бұл курс Әлемдік деңгейде қолданысқа ие Американдық стандарт пен тәсілдеме негізінде құрастырылған. Курс барысында жобаны басқару саласындағы көптеген заманауи трендтер талқыланып, ақпараттың кең ауқымы беріледі.
Курсқа қысқаша шолу жасау үшін Демо-роликті қарап шығыңыз!
Қазіргі таңда Жобаны Басқару (Project Management) потенциалы мен маңыздылығы өте зор салалардың бірі. Себебі, қандай сала болмасын барлық жерде сан алуан жобалар ұйымдастырылып, қолға алынып жатыр.
Адамдар тіпті күнделікті өмірде жобамен айналысып жатқаны жайында ойлап та жатпайды. Алайда, біздің елде бұл саланың құндылығын көпшілік, мейлі бизнес қауымдастық болсын немесе жеке адамдар болсын, әлі де толықтай түсіне қоймаған.
Аталмыш себеп осы ресурстың пайда болуына түрткі болды. Тек қазақстандағы емес, сонымен қатар әлемнің басқа бұрышындағы қазақ тілді аудиторияны Жобаны Басқару саласымен осы ресурс арқылы барынша жақынырақ таныстыруды ниет еттік және сол ниетіміз қабыл болып, мақсатымызға жетеміз деп сенеміз!
Осы сайттағы берілген мағлұматтар мен деректер барынша елге пайдалы болады деп үміттенеміз. Сайтта Жоба, Жобаны Басқару және Жоба Менеджеріне қатысты тың ақпарат берілген.
Сонымен қатар, глоссарий бөлімінде әлемдік практикада қолданылатын негізгі терминдер мен құжат түрлерінің түсініктемесі берілген. Бұл Жобаны Басқару саласына қызығушылығы бар сайт пайдаланушыларының өз бетімен қосымша ізденіс жасауына мүмкіндік болсын деп әзірленген.
Осы сайттағы материалдар қарапайым қызығушылығы бар жандардан бастап, бизнес қауымдастығы мен мемлекеттік органдардың, студенттердің, жалпы айтқанда, аудиторияның кең ауқымына арналған. Аталмыш ресурстағы мәліметтер мен қызмет түрлері елге барынша пайдасы тиеді деп үміттенеміз!
Бастысы, қазақ тілді аудиторияның, әсіресе қазақ жастарының сауаттылығы мен біліктілігін арттыру мақсатында жасалған осы еңбегімізге қолдауыңызды аямаңыздар!