Жоба дегеніміз не?

Мақала, 15 наурыз 2023

Адамзат ежелгі заманнан жобамен айналысып келген. Ол үшін белгілі бір құрылыс жұмыстарын ойластырып, алдын ала жоспар құрып, дайындықтарын жасағаны белгілі. Хеопс пирамидасы, Вавилон мұнарасы, Тадж-Махал комплексі немесе өзіміздегі Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі секілді ғимараттардың барлығы жобаның айқын мысалдары және осы уақытқа дейін сақталып келген сәтті орындалған жобалар болып табылады.

Жоба дегеніміз не?

Алайда жоба деген түсінікті адамдардың көпшілігі тек құрылыспен ғана байланыстырып жатады. Ол олай емес. Әр салада жүзеге асырылатын сан алуан жобалар бар: мемлекет, бизнес, ғылым, мәдениет және тіпті қоғамдық маңызы бар жобалар. Керек десеңіз, әрбір адамның өмірі ұзақ мерзімді жоба емес пе? Әрине, егер ол адамның өз өміріне қатысты қандай да бір жоспары бар болса. Себебі, ағынмен ілесіп, көзді жұмып қойып немесе біреудің айтуымен ғана сүрген өмір қандай нәтижеге әкелері белгісіз. Сол үшін әрбір істің басында қандай болмасын жоспардың болғаны абзал.

Сонымен, жоба (project, проект) дегеніміз не? Жоба – ерекше өнім, қызмет түрін немесе нәтиже шығаруға бағытталған, уақыт, бюджет және мазмұны жағынан шектеуліктері бар уақытша іс-шаралар жиынтығы. Яғни әрбір жоба басы мен аяғы бар, шектеулі нәрсе болып табылады. Сонымен қатар, әрбір жоба дербес, дара болып саналады. Бір анадан туған екі егіз 100% бірдей болмайды. Сол секілді екі бірдей жоба қаншалықты ұқсас болғанымен, әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады.

Кез келген ұйымның жобаны бастауына келесідей себептер мен факторлар түрткі болуы мүмкін:

  • заң немесе әлеуметтік талаптар;
  • саяси-экономикалық өзгерістер;
  • нарық талаптары мен сұраныстары;
  • мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • бизнес стратегияларды, процесстерді өзгерту немесе енгізу;
  • жаңа технологияны ойлап табу;
  • қоршаған ортаның (экология) маселелері;
  • өнімдерді, процесстерді не қызметтерді жақсарту, жөндеу не жаңадан шығару секілді факторлар. Осылайша, әрбір жоба материалды немесе материалды емес нәтижелерге әкеледі.

Жобаны басқарып үйрен. Өмірінді басқарып үйрен. Себебі, өмір – бұл жоба!
Құрметпен, AJ PROJECTS