Құпиялылық саясаты және төменде сипатталған шарттар www.ajprojects.kz (бұдан әрі - Сайт) сайтын пайдалану шарттарының бір бөлігі болып табылады.
Сайтты Пайдаланушы туралы жеке деректер келесілерді қамтуы мүмкін: Пайдаланушының Аты-жөні, электронды поштасы, телефон нөмірі және тұрғылықты қаласы. Бұл деректер сайтқа тіркелу және\немесе ақылы контентке төлем жасау үшін қажет. Ақылы контентке төлем жасаған жағдайда Пайдаланушының жеке банктік картасының деректері сайтта сақталмайды. Сайт бұдан артық жеке деректер жинамайды және әрбір Пайдаланушы өзіне қатысты ақпаратты «Жеке кабинетінде» өз еркімен толықтыра алады. Басқа жағдайда, Сайтқа кіру Пайдаланушының тіркелуін және жеке ақпаратты ұсынуың қажет етпейді. Сайтта жеке ақпарат ұсыну ерікті болып табылады.
Сайтты пайдалана отырып, әрбір Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келіседі.
Егер Пайдаланушы веб-нысанды толтыру немесе электронды хат жіберу секілді әдістерді пайдалана отырып Сайтта жеке деректерді ұсынуды шешсе, ол ақпарат Пайдаланушы сұратқан ақпаратты немесе қызметті ұсынуға немесе Пайдаланушының хабарламасына жауап беруге көмектесу үшін пайдаланылатын болады.
Сайт әкімшілігі Пайдаланушының жеке деректерін үшінші тараптарға бермейді және барынша сақтайды. Әрбір Пайдаланушы өзіне қатысты жеке мәліметтің өзінің қателігі мен немқұрайлығы себебінен басқаларға жария болуына өзі жауапты болып саналады. Пайдаланушыға қатысты жеке деректер тек Мемлекеттік ұйымдардың ресми сұратымы болған жағдайда ғана тапсырылуы мүмкін.