1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР
1.1. Осы пайдаланушы келісім-шарты (бұдан әрі - Келісім) жүзеге асуы мақсатында келесі терминдер қолданылады:
1.1.1. «Сайт иесі» — Жеке Кәсіпкер «AJ PROJECTS». ЖСН/БСН 870925301780.
1.1.2. «Сайт» - www.ajprojects.kz порталы.
1.1.3. «Контент» — пайдаланушылар мен үшінші тарапқа тиесілі емес немесе интеллектуалдық еңбектің нәтижесі болып табылатын дизайн, аудио-видео материалдар, графикалық бейнелер, фотосуреттер, сценарийлер, мәтіндер, музыка, дыбыс элементтері және/немесе басқа да ақпараттық, сараптамалық және өзге де материалдар.
1.1.4. «Пайдаланушылар» — сайтта тіркелу рұқсат етілген немесе заңмен құқығы шектелмеген 16 не одан да үлкен жастағы кез келген жеке тұлға.
1.1.5. «Аккаунт» — Сайт иесінің жүйесінде сақталатын Пайдаланушының идентификациялануы үшін қажетті ақпаратты қамтитын деректер жиынтығы. Аккаунтты Сайтта тіркелу кезінде Пайдаланушы өзі тіркейді.
1.1.6. «Тіркеуді рәсімдеу» - төмендегі әдістерді пайдалана отырып, Пайдаланушының Аккаунтын рәсімдеуі: Пайдаланушының электрондық пошта немесе ұялы байланысының абоненттік нөмірі көмегімен бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе Сайт иесінің жүйесіне тіркеу үшін берілетін бір реттік парольді қамтитын қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу.
1.1.7. «Жеке мәліметтер» - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қолжетімділігі шектеулі мәлімет ретінде жіктелген Пайдаланушы туралы (тегі, аты, телефон нөмірі, электронды поштасы, тіркелу деректері (құпия сөз, логин және т.б. жеке мәліметтер).
2. КЕЛІСІМ МӘНІ
2.1. Бұл Келісім (ОФЕРТА) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес ашық ұсыныс болып табылады. Сайт иесі кез келген Пайдаланушыға осы Келісімде көрсетілген шарттар мен тәртіпке бағынған жағдайда Сайтта тіркелуге рұқсат береді.
2.2. Келісім пайдаланушы оның шарттарымен келісім білдірген (акцепт) сәттен бастап Аккаунтты тіркеу рәсімінен өту арқылы күшіне енеді және бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 396-бабының 3-тармағының мәні бойынша Сайт иесінің офертасын қабылдау (акцепт) болып табылады.
2.3. Пайдаланушы тіркелу кезінде сайтқа берілген оның жеке деректерін жинауға, өңдеуге және оларды ерекше жағдайларда және тек уәкілетті мемлекеттік органдарының ресми талабы бойынша таратуға келіседі.
2.4. Келісімнің шарттары ешқандай ескертусіз, шектеулерсіз және ерекшеліктерсіз толық көлемде ғана қабылданады. Пайдаланушының өз келісімін білдіруі Пайдаланушының келісім шарттарын, оның ішінде Пайдаланушының сайтта қолданылатын тәртіп ережелерін сақтау міндетін атқаратын азаматтық-құқықтық шарт жасасуын білдіреді.
2.5. Ресурсты (сайтты) пайдалану үшін Пайдаланушы келісімінің ережелерімен келісім білдіруі (акцепт) міндетті шарт болып табылады.
3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Пайдаланушы келісім жасау үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие екеніне кепілдік береді. Егер Пайдаланушы кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа) немесе қолданыстағы заңнамада көзделген өзге мән-жайлардың туындауына байланысты толық әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ол өз ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен заңмен талап етілетін нысанда қажетті рұқсатты өз бетінше алуға міндетті.
3.2. Пайдаланушының төмендегідей құқықтары бар:
3.2.1. Ресурсқа қол жеткізу тәсілдерін таңдау: Демо немесе Толық нұсқа;
3.2.2. Аккаунтқа кіру үшін қолданылатын пайдаланушы логин мен парольді өзгерту;
3.2.3. Осы Келісімнің шарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтай отырып Ресурсты пайдалану;
3.2.4. Тиісті құжаттармен расталған негіздер болған жағдайда Сайт иесінен өзінің дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап ету.
3.2.5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
3.3. ПАЙДАЛАНУШЫ МІНДЕТІ:
3.3.1. Тіркеу үшін тіркелу формасына сәйкес өзі туралы шынайы деректерді беру. Сайт иесінің Пайдаланушы берген ақпараттың шынайылығына қатысты қандай да бір күмәні болса, Сайт иесі Пайдаланушыны тіркеуден бас тартуға, уақытша блоктауға және/немесе жоюға құқылы;
3.3.2. Аккаунтқа кіру үшін пайдаланылатын логин мен парольді құпия сақтау. Логин және пароль құпия ақпарат болып табылады және қолданыстағы заңнамада және/немесе Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, еш жерде жария етілмеуі тиіс. Пайдаланушының парольді жоғалтуы және Пайдаланушының аккаунтына кіруіне байланысты кез келген талпыныстарға Пайдаланушы өзі жауап береді.
3.3.3. Интернет желісіндегі Келісімнің енгізілген өзгерістерін мына мекен-жай бойынша қадағалау: www.ajprojects.kz;
3.4. Пайдаланушыға келесі нәрселер тыйым салынған:
3.4.1. сайтта есепке алу деректерін, оның ішінде байланыс деректерін, басқа пайдаланушылардың немесе басқа тұлғалардың алдын ала келісімінсіз орналастыруға;
3.4.2. сайтта жеке және заңды тұлғалардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне немесе заңды тұлғалардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін хабарламаларды, түсініктемелерді, графикалық бейнелерді немесе басқа да материалдарды (оның ішінде шындыққа сәйкес келмейтін) орналастыру;
3.4.3. сайтта әдепсіз сөздер мен мән-мәтіні бар хабарламаларды, түсініктемелерді, мәтіндерді, графикалық бейнелерді немесе басқа да материалдарды орналастыру;
3.4.4. сайтта порнографиялық сипаттағы материалдарды немесе осындай материалдарды қамтитын интернет сайттарға гипермәтіндік сілтемелерді орналастыру;
3.4.5. сайт иесінің алдын ала рұқсатынсыз Сайтты немесе Сайттың материалдарын қандай да бір коммерциялық мақсатта пайдалану.
3.4.6. Аккаунттың логин мен құпиясөзін басқа үшінші тараптарға беру;
3.4.7. Басқа Пайдаланушылардың аккаунтын, логин мен құпиясөзін қолдану;
3.4.8. Алаяқтық сипаттағы әрекеттерді жүзеге асыру, оның ішінде Сайт иесі қолданатын техникалық қорғау құралдарын айналып өтуді және/немесе бұзуды қоса алғанда, кез келген алаяқтық әрекеттерді қолдауды жүзеге асыру;
4. САЙТ ИЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
4.1. Сайт иесінің мынадай құқықтары бар:
4.1.1. Өз қалауы бойынша, кез келген уақытта осы Келісімде кез келген ережелерді (толық немесе ішінара) өзгерту, қосу, толықтыру, алып тастау немесе жоюға құқылы. Сонымен қатар, Келісімнің жаңа редакцияланған нұсқасы Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
4.1.2. Осы Келісімнің талаптарын және/немесе Сайтта орналастырылған ақпаратты пайдалану шарттарын бұзған жағдайда Пайдаланушыны Аккаунтынан оқшаулауға және/немесе оны жоюға, Сайт беттеріндегі кез келген Аккаунтын пайдалануға тыйым салуға құқылы. Сайт иесі бұны Себептерді түсіндірместен жасауға құқылы.
4.1.3. Өз қалауы бойынша Сайтта орналастырылған материалдарға пікір білдіру мүмкіндігін беретін техникалық бағдарламаны өшіру.
4.1.4. Нәтижелері бойынша пайдаланушылар орналастыратын түсініктемелерді/хабарламаларды алдын ала немесе постмодерациялауды жүзеге асыру, оларды жою туралы шешім қабылдау.
4.1.5. Cтатистикалық деректерді жинау және пайдаланушыны сәйкестендіру мақсатында пайдаланушының сайтқа қол жетімділігінің ІP туралы ақпаратты орнату және сақтау.
4.1.6. Кез келген уақытта Сайттың дизайнын, мазмұнын, функцияларын және пайдаланушы интерфейсін, басқа да нысандарды Пайдаланушыға ескертусіз өзгерту немесе толықтыру;
4.1.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге де шараларды қолдануға құқылы.
4.2. САЙТ ИЕСІ МІНДЕТТЕЛЕДІ:
4.2.1. Келісімде көрсетілген шарттарға сай Пайдаланушыға Сайтты пайдалануға техникалық мүмкіндік беру.
4.2.2. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі аралығында (Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты қарастырылған жағдайларды қоспағанда) Пайдаланушының жеке деректерінің сақталуын, үшінші тұлғаларға берілмеуін, және қорғалуын қамтамасыз ету;
4.2.3. Пайдаланушы өтініш берген кезде базадан оның барлық жеке деректерін жою.
4.3. ЖАУАПКЕРШІЛІК:
4.3.1. Сайт иесі үшінші тараптардың пайдаланушының аккаунтына кіру паролін таңдап алуына және пайдаланушының аккаунтын пайдалана отырып жасаған кез келген іс-әрекеттеріне жауапты болмайды.
4.3.2. Сайт иесі сайтта жарияланған пайдаланушының пікірлері үшін жауап бермейді.
4.3.3. Сайт иесі Пайдаланушыға осы Келісімнің талаптарын бұзғаны туралы кез-келген дәлелдемелерді, құжаттарды және басқа да мәліметтерді ұсынуға міндетті емес, соның нәтижесінде Сайт иесі Пайдаланушыға оның жеке функцияларына кіруге тыйым салуға немесе тоқтатуға және/немесе бұғаттауға құқылы.
4.3.4. Сайт иесі пайдаланушының алдында сайттың жеке функционалдығына қатысы жоқ техникалық ақаулықтар үшін және пайдаланушының өзіне қатысты техникалық ақаулықтар үшін жауап бермейді.
5. ТӨЛЕМ ЖАСАУ, АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ және ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
5.1. Келісімді (ОФЕРТАНЫ) қабылдағаннан кейін (акцепт) Пайдаланушы өзінің ақшалай қаражатын қайтаруды талап еткен жағдайда келесідей шарттар ескеріледі:
5.1.1. Пайдаланушы сайттағы ақылы контентті сатып алғанға дейін демо версиямен және контент мазмұнымен танысу мүмкіндігіне ие және тиіс;
5.1.2. Пайдаланушы сайттағы ақылы контентті сатып алу үшін сайттағы арнайы сенімді төлем жасау эквайринг-системасына өзінің жеке және банктік картасының деректерін енгізіп, төлем жасайды. Интернет-төлем қызметі төлемнің құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттары бойынша Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Ол үшін жабық байланыс арналары арқылы тексерудің, шифрлаудың және деректерді берудің ең заманауи әдістері қолданылады. Бұл келесі схема арқылы жүзеге асады: Төлем формасында жеке мәліметтерді толтыру - Төлеу нүктесін басу - Электрондық поштаңызды растау үшін поштаға келген 4 сандық кодты енгізу - Кодты енгізген соң сіз сайтта бірден тіркелесіз (поштаңызға автоматты түрде логин мен пароль келеді, парольді кейін жеке кабинетте өзгертуге болады) - Ашылған қауіпсіз FreedomPay төлем бетінде банк картасының мәліметтерін енгізу (карта нөмірі, карта ұстаушысының аты, картаның жарамдылық мерзімі, картаның артқы жағындағы үш саннан тұратын үш таңбалы қауіпсіздік коды (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2)) - Төлем сәтті өткен жағдайда поштаңызға электронды чек пен хабарлама келеді. Пайдаланушы шынайы әрі дұрыс жеке және банктік карта деректерін енгізуі тиіс. Оның банктік картасының деректері сайтта сақталмайды.
5.1.3. Пайдаланушы сайттағы ақылы контентті сатып алған сәттен бастап белгілі мезгіл аралығында ақшалай қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы. Ол үшін Пайдаланушы Сайт әкімшілігіне сайтта енгізген жеке деректерін және жасаған төлемін ресми түрде растайтын чек, квитанция немесе арнайы төлем жасау системасының (эквайринг) ID номерін ұсынуға міндетті. Кері жағдайда, Сайт әкімшілігі төлемді қайтарудан бас тартады және Пайдаланушы ол төлемді талап ете алмайды.
5.1.4. Пайдаланушы сайттағы ақылы контентті сатып алған сәттен бастап 3 (үш) күн ішінде ақшалай қаражатын қайтаруды талап еткен жағдайда төленген соманың тек 70%-ы қайтарылады;
5.1.5. Пайдаланушы сайттағы ақылы контентті сатып алған сәттен бастап 5 (бес) күн ішінде ақшалай қаражатын қайтаруды талап еткен жағдайда төленген соманың тек 50%-ы қайтарылады;
5.1.6. Пайдаланушы сайттағы ақылы контентті сатып алған сәттен бастап 7 (жеті) күн ішінде ақшалай қаражатын қайтаруды талап еткен жағдайда төленген соманың тек 30%-ы қайтарылады;
5.1.7. Пайдаланушы сайттағы ақылы контентті сатып алған сәттен 7 (жеті) күн асып кеткен жағдайда ақшалай қаражаты қайтарылмайды және Пайдаланушы ол соманы қайтаруды талап ете алмайды;
5.1.8. Жоғарыда көрсетілген уақыт шеңберінде қаражатты қайтару процесі Сайт иесіне ынғайлы тәсілмен Пайдаланушының жеке шотына немесе банктік картасына қайтарылу арқылы жүзеге асады. Тиесілі сома қайтарылғаннан кейін Пайдаланушы шағымдануға құқылы емес;
5.1.9. Пайдаланушы сайттағы ақылы контентті тек тиісті мақсатта, жеке дамуы үшін қолдануы тиіс. Жеке мүддесі үшін коммерциялық мақсатта контентті пайдалану тыйым салынады. Осы шарт бұзылған жағдайда Пайдаланушының аккаунты бұғатталады, төлеген сомасы қайтарылмайды және сайт иесі Сотқа шағымдануға құқылы.
5.2. Сайттың ақылы нысандарын қолдану мерзімі Сайт иесінің шешімі бойынша жүзеге асады.
5.3. Осы Келісімді орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
5.4. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, осы Келісімнен туындайтын не оған байланысты, оның ішінде оны бұзуға, тоқтатуға немесе жарамсыздығына қатысты барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында түпкілікті реттеуге жатады.
6. КЕЛІСІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ
6.1. Бұл Келісім Пайдаланушы сайттағы Тіркелу процедурасын өткен сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзім шегінде қолданылады.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7.1. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.
7.2. Егер осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері қандай да бір себептер бойынша жарамсыз немесе заңдық күші жоқ деп танылса, бұл Келісімнің қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
7.3. Пайдаланушы немесе басқа пайдаланушылар келісім ережелерін бұзған жағдайда Сайт иесінің әрекетсіздігі Сайт иесін кейінірек өз мүдделерін қорғау үшін тиісті әрекеттерді жасау құқығынан айырмайды, сондай-ақ кейіннен осындай немесе ұқсас бұзушылықтар болған жағдайда Сайт иесінің өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейді.
Реквизиттер:
Жеке Кәсіпкер «AJ PROJECTS».
ЖСН/БСН: 870925301780.
Заңдық адресі: 050062, Алматы, 1 ы\а, 75 үй.
Тел: +7 701 101 10 87
E-mail: ajprojectskz@gmail.com