Басты бетГлоссарий

Глоссарий - Жобаны басқару саласындағы толық глоссарии

Жобаны басқару - Глоссарий

Төменде жобаны басқару саласында қолданылатын терминдер мен түсініктердің үш тілдегі нұсқасы және қазақ тіліндегі анықтамасы берілген. Бұл әрі қарай өз бетіңізше ізденіп, үйрену үшін жасалған. Тізім мерзім сайын жаңартылып тұрады.

Глоссарийді жүктеу (скачать глоссарии, download glossary)

Төмендегі ақпараттың Сіз үшін пайдасы болған жағдайда - қазақ тіліндегі жоба менеджменті саласын толық қамтитын онлайн және офлайн курстарын өтуді ұсынамыз.

A
Acquire Resources Приобретение ресурсов Ресурстарды сатып алу (алдыру)
Жобаға қажетті персоналды жұмысқа тарту және керекті материалдар, жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алуды қамтитын процесс.
Activity Duration Estimates Оценки длительности операций Әрекеттер ұзақтығының болжамы
Белгілі бір әрекеттерді (операцияларды) аяқтау үшін қажетті уақыттың сандық болжамы (бағалаулары).
Activity List Список операций Әрекеттер тізімі
Бұл белгіленген барлық жұмыс пакеттерін іске асыру үшін қажетті әрекеттер (операциялар) тізімін құрайтын құжат. Қажет болса, әрбір әрекеттің атауы, номері, орындалу мерзімі, жауапты адамы, қажетті ресурстары және тб секілді өзіндік идентификаторларын қолдануға болады. Бұл өз кезегінде жобаның кестесін құруға, барлық операцияларды қадағалауға және қажет ететін ресурстарды жоспарлауға үлкен септігін тигізеді.
Adaptive Life Cycle Адаптивный жизненный цикл Бейімделгіш (адаптивті) өмірлік циклі
Жобаны басқаруда қолданылатын әзірлеу өмірлік циклінің түрі. Көбінесе мазмұны бастапқы кезде түсініксіздеу жобаларда қолданылады. Сәйкесінше, мерзімі мен бюджеті де толыққанды жоспарланбайды. Оған Agile (икемді), Scrum, итеративті және инкрементті секілді әдістерді (подходтарды) жатқызуға болады.
Analogous Estimating Оценка по аналогам Аналогия бойынша бағалау
Ұқсас әрекеттен немесе жобадан тарихи деректерді пайдалана отырып, әрекеттің немесе жобаның ұзақтығын немесе құнын бағалау әдісі.
Artifact Артефакт Артефакт
Жобаны басқару саласында бір сөзбен «Артефакт» деп кез келген құжат, жоспар, есеп, диаграмма және т.с.с. ақпарат көздерін айтады. Кез келген процеске кірісер алдында осы секілді артефакттарға, яғни ақпарат көздеріне сүйенген абзал.
B
Benchmarking Бенчмаркинг Бенчмаркинг
(ағыл. Benchmarking – салыстырмалы анализ немесе эталондық салыстыру деп аударуға болады) – бұл ең ірі бәсекелестердің не өз саласында көшбасшы деп танылған компаниялардың тауарларын, қызметтерін және тәжірибесін салыстырмалы түрде талдау және зерттеу әдісі.
Business Documents Бизнес документы Бизнес құжаттар
Ұйымның қажеттіліктерін және сол қажеттіліктерді кез келген жоба қалай қанағаттандыратынын және мүдделі тараптарға қандай пайда әкелетінін сипаттайтын құжаттар түрі. Осы құжаттарда ұйымның сұранысы, нарық талабы, тұтынушының қажеттілігі сияқты жобаны қолға алудың себептері мен жобаға жасалған инвестицияның өтелу мерзімі, пайда-шығын қатынасы, экономикалық құндылығы, және т.б. секілді қаржылық көрсеткіштері баяндалуы мүмкін.
Brainstorming Мозговой штурм Миға шабуыл
Бұл қысқа уақытта идеяларды жинақтау үшін қолданылатын әдіс. Ол ұжымдық ортада және модератордың жетекшілігімен жүзеге асырылады. Миға шабуыл екі бөлімнен тұрады: идеяларды жинақтау және оларды талдау. Бұл әдісті мүдделі тараптардан, сарапшылардан және команда мүшелерінен деректерді, шешімдерді немесе идеяларды ой- талқыдан өткізіп, жинақтау үшін пайдалануға болады.
C
Change Request Запрос на изменение Өзгертулерге сұратым
Құжатқа, нәтижеге немесе жоспарға өзгертулер енгізу туралы ресми ұсыныс.
Close Project or Phase Закрытие проекта или фазы Жобаны немесе фазаны аяқтау
Жоба, кезең немесе келісімшарт бойынша барлық әрекеттерді аяқтау процесі.
Closing Process Group Группа процессов закрытия Аяқтау процестерінің тобы
Бұл жобаны, фазаны немесе келісімшартты ресми түрде аяқтау үшін орындалатын процестер.
Collect Requirements Сбор требований Талаптарды жинау
Клиенттің немесе мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен талаптарын анықтау, соларды қанағаттандыруға не керек екенін ұғыну және осылардың барлығын құжаттау процесі.
Conflict Management Управление конфликтами Жанжалдарды басқару
Жобаға қатысты әртүрлі көзқарастары мен талаптары бар жоба қатысушыларының арасындағы жанжалдарды болдырмау және ортақ түсіністікке келу үшін қажетті дағды.
Conduct Procurements Проведение закупок Сатып алуды жүргізу
Сатушылардан жауап алу, сатушыны таңдау және шарт жасасу процесі. Жоспарланған сатып алу шаралары осы процесс барысында жүзеге асады. Осы процесс аясында тиісті құжаттар жинақталып, тендер немесе конкурс жарияланып, барлық қажетті ресурстар жобаға сатып алынады.
Control Costs Контроль стоимости Бюджетті бақылау
Бұл жобадағы барлық шығындар мен ақша ағынын қадағалау процесі.
Control Procurements Контроль закупок Сатып алуды бақылау
Бұл жеткізушілермен (мердігерлермен) қарым-қатынасты қадағалау, келісім-шарттардың орындалуын бақылау, қажет болған жағдайда өзгертулер мен түзетулер енгізу және келісім-шарттарды жабу (аяқтау) процесі
Control Quality Контроль качества Сапаны бақылау
Шыққан нәтижелерді сапа стандарты және жоспарымен салыстыра отырып қаншалықты сәйкес келетінін анықтау процесі. Сапа бақылауынан сәтті өткен нәтижелер әрі қарай мүдделі тараптар мен клиент жағынан бекітуге жіберіледі. Кері жағдайда, тиісті коррективті шаралар қолданылады.
Control Resources Контроль ресурсов Ресурстарды бақылау
Белгіленген барлық материалды ресурстардың жоспарға сай тоқтаусыз жеткізілуі мен қамтамасыз етілуін қадағалау, сонымен қатар, жоспардан белгілі бір ауытқулар болған жағдайда, тиісті коррективті шаралар қолдану процесі.
Control Schedule Контроль расписания Кестені бақылау
Пайда болған өзгерістердің негізінде кестеге тиісті жаңартулар жасау мақсатында жобаның статусын қадағалау процесі. Нақты орындалған жұмыстар мен уақыт көрсеткіштерін кесте жоспарымен салыстыру арқылы олардың жоспарға қаншалықты сәйкес орындалып жатқанын қадағалау қажет. Егер өзгерістер жасауға тура келсе, онда олардың толықтай жобаға қалай әсер ететінін саралап алу керек.
Control Scope Контроль содержания Мазмұнды бақылау
Жоба және өнімнің мазмұнын қадағалау және мазмұнды басқару жоспарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, оларға енгізілетін қажетті өзгерістерті қадағалау және қажет еместерін шектеу процесі.
Create WBS Создание ИСР (СДР) WBS құру
WBS – Work Breakdown Structure деген түсініктің аббревиатурасы. Ағылшын тілінен «Жұмыстарды ыдырату құрылымы» деп аударуға болады. WBS құру – жобаның соңғы нәтижесі мен жұмыстарын, басқаруға ыңғайлы ұсақ бөліктерге бөлшектеу процесі. Бұны басқаша декомпозиция деп те атайды.
Critical Path Method Метод критического пути Критикалық жол әдісі
Жобаның ең минималды ұзақтығын бағалау және кесте икемділігінің дәрежесін анықтау үшін қолданылатын әдіс.
D
Data Analysis Techniques Методы анализа данных Деректерді талдау әдістері
Деректер мен ақпаратты ұйымдастыру, анықтау және бағалау үшін қолданылатын әдістер.
Data Gathering Techniques Методы сбора данных Деректер жинау әдістері
Әртүрлі көздерден деректер мен ақпаратты жинау үшін қолданылатын әдістер. Оның Миға шабуыл (Brainstorming), Фокус-топтар, Сұхбат (Интервью), Анкета жүргізу және т.б. түрлері бар.
Define Activities Определение операций Әрекеттерді анықтау
Жоба нәтижелеріне қол жеткізу үшін орындалуы қажет нақты әрекеттерді анықтау және құжаттау процесі.
Define Scope Определение содержания Мазмұнды анықтау
Жоба мен соңғы нәтиженің (өнім, қызмет түрі) толық сипаттамасын әзірлеу процесі.
Deliverables Конечный результат Соңғы (ақырғы) нәтиже
Соңғы нәтиже (deliverables) деп процесті, фазаны немесе жобаны аяқтауға қажетті кез келген ерекше өнім, қызмет түрі немесе нәтижені айтады.
Determine Budget Определение бюджета Бюджетті анықтау
Бұл барлық жұмыстардың жоспарланған шығынын топтастыру арқылы бекітілген бюджетті құру процесі.
Develop Project Charter Разработка устава проекта Жоба жарғысын әзірлеу
Жобаны ресми түрде растайтын және жоба менеджеріне ұйымның ресурстарын пайдалану құқығын беретін құжатты дайындау процесі.
Develop Project Management Plan Разработка плана управления проектом Жобаны басқару жоспарын әзірлеу
Жобаның орындалуы мен қадағалануын бағыттайтын жан-жақты және ауқымды құжатты дайындау процесі. Одан бөлек, бұл - жоспардың барлық құрамдас бөліктерін анықтау, дайындау және жобаны басқару жоспарына үйлестіру мен біріктіру шараларын қамтиды.
Develop Schedule Разработка расписания Кестені әзірлеу
Жобаны орындауға және қадағалауға қажет жоба кестесін әзірлеу процесі.
Develop Team Развитие команды Жоба командасын дамыту
Жобаны іске асыруды жақсарту мақсатында команда мүшелерінің біліктілігін, өзара әрекеттесуі мен жалпы еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған проесс.
Development Life Cycle Жизненный цикл развития Әзірлеу өмірлік циклі
Өнімді, қызметті немесе нәтижені әзірлеу (яғни разработка жасау) кезеңдері. Бұл жобаның өмірлік циклінің құрамында жүзеге асады. Оның - болжамды (предективті), бейімделгіш (адаптивті) немесе аралас (гибридті) деген түрлері бар.
Direct and Manage Project Work Руководство и управление работами проекта Жоба жұмыстарын бағыттау және басқару
Жоспарда анықталған жұмысты басқару, орындау және жоба мақсаттарына жету үшін бекітілген өзгерістерді енгізу процесі.
E
Enterprise Environmental Factors (EEF) Факторы среды предприятия (ФСП) Кәсіпорынның Қоршаған Орта Факторлары (КҚОФ)
Бұл жобаға әсер ететін, жобаны шектейтін немесе бағыттайтын, жоба командасының тікелей бақылауындағы емес жағдайлар. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Estimate Activity Durations Оценка длительности операций Әрекеттердің ұзақтығын бағалау
Қажетті ресурстарды ескере отырып, жұмыстарды орындауға бағытталған әрекеттердің ұзақтығын бағалау процесі.
Estimate Activity Resources Оценка ресурсов операций Әрекеттер ресурстарын бағалау
Бұл процестің мақсаты барлық жоспарланған әрекеттерді анализ жасап, оларды жүзеге асыру үшін қандай және қанша адами-материалдық ресурстардың қажет болатынын болжамдау.
Estimate Costs Оценка стоимости Бюджет шығындарын бағалау
Бұл жоба жұмыстарын орындауға қажетті ресурстардың шығынын шамалауға бағыттталған процесс.
Executing Process Group Группа процессов исполнения Орындау процестерінің тобы
Бұл жоба талаптарын қанағаттандыру мақсатында жоспарда көрсетілген жұмыстарды атқару үшін орындалатын процестер.
Expert Judgement Экспертная оценка Сараптамалық қорытынды
Белгілі бір білім немесе қызмет саласындағы біліктілікке негізделген пікір. Сараптамалық қорытындыны арнайы білімі, біліктілігі және тәжірибесі бар топ немесе жеке тұлға бере алады. Егер белгілі бір мәселеде жоба менеджерінің біліктілігі жетпесе, онда жоба командасының ішінен сол мәселеде арнайы компетенциясы бар маманға жүгіну қажет. Болмаған жағдайда, ұйымның ішіндегі немесе ұйымнан тыс мамандарға жүгінуге тура келеді. Сараптамалық қорытынды құралдар мен әдістердің ішіндегі ең негізгілердің бірі болып табылады.
F
Enterprise Environmental Factors (EEF) Факторы среды предприятия (ФСП) Кәсіпорынның Қоршаған Орта Факторлары (КҚОФ)
Бұл жобаға әсер ететін, жобаны шектейтін немесе бағыттайтын, жоба командасының тікелей бақылауындағы емес жағдайлар. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Estimate Activity Durations Оценка длительности операций Әрекеттердің ұзақтығын бағалау
Қажетті ресурстарды ескере отырып, жұмыстарды орындауға бағытталған әрекеттердің ұзақтығын бағалау процесі.
Estimate Activity Resources Оценка ресурсов операций Әрекеттер ресурстарын бағалау
Бұл процестің мақсаты барлық жоспарланған әрекеттерді анализ жасап, оларды жүзеге асыру үшін қандай және қанша адами-материалдық ресурстардың қажет болатынын болжамдау.
Estimate Costs Оценка стоимости Бюджет шығындарын бағалау
Бұл жоба жұмыстарын орындауға қажетті ресурстардың шығынын шамалауға бағыттталған процесс.
Executing Process Group Группа процессов исполнения Орындау процестерінің тобы
Бұл жоба талаптарын қанағаттандыру мақсатында жоспарда көрсетілген жұмыстарды атқару үшін орындалатын процестер.
Expert Judgement Экспертная оценка Сараптамалық қорытынды
Белгілі бір білім немесе қызмет саласындағы біліктілікке негізделген пікір. Сараптамалық қорытындыны арнайы білімі, біліктілігі және тәжірибесі бар топ немесе жеке тұлға бере алады. Егер белгілі бір мәселеде жоба менеджерінің біліктілігі жетпесе, онда жоба командасының ішінен сол мәселеде арнайы компетенциясы бар маманға жүгіну қажет. Болмаған жағдайда, ұйымның ішіндегі немесе ұйымнан тыс мамандарға жүгінуге тура келеді. Сараптамалық қорытынды құралдар мен әдістердің ішіндегі ең негізгілердің бірі болып табылады.
G
H
Hybrid Life Cycle Гибридный жизненный цикл Аралас (гибридті) өмірлік циклі
Бұл болжамдық (предективті) және бейімделгіш (адаптивті) өмірлік циклдерінің жиынтығы. Жобаның түсінікті әрі нақты талаптары бар элементтері болжамды өмірлік циклі бойынша, ал қалған бөліктері - бейімделгіш өмірлік циклі бойынша әзірленеді.
I
Identify Risks Идентификация рисков Рисктерді анықтау
Бұл жоспарлау процестерінің бірі. Мақсаты - жобаны талдау арқылы оған әсер ететін жекелеген және жалпылама рисктерді анықтап, тізімін жасау.
Identify Stakeholders Идентификация заинтересованных сторон Мүдделі тараптарды анықтау
Жобаның мүдделі тараптарын жүйелі түрде анықтау және олардың мүдделері, ат салысуы, өзара тәуелділігі, ықпалы және жоба сәттілігіне әсері туралы тиісті ақпаратты талдау және құжаттау процесі.
Implement Risk Responses Осуществление реагирования на риски Рисктерге жауап қату шараларын орындау
Рисктерге қатысты жоспарланған барлық стратегиялар мен шараларды іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету процесі.
Initiating Process Group Группа процессов инициации Инициация (Бастама) процестерінің тобы
Бұл әрбір жобаның немесе жоба фазасының басында орындалатын процестер. Жобадағы белгілі бір шараларды қолға алудың бастамасы болып табылады.
Input Вход Кіріс
Белгілі бір процесті бастамастан бұрын қажетті элемент немесе ақпарат көзі. Басқа процестен шығыс боп келу мүмкін.
Inspection Инспекция Инспекция
Бұл орындалған жұмыс пен соңғы нәтижелерді тексеріп, жоба мазмұнына және оған қатысты талаптар мен қабылдау критерияларына қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау әдісі.
Interpersonal and Team Skills Навыки межличностных

 

отношений и работы с командой

Тұлғааралық және командалық дағдылар
Топ мүшелерімен және басқа мүдделі тараптармен тиімді басқару және өзара әрекеттесу үшін қолданылатын дағдылар. Оның Жанжалдарды басқару, Фасилитация, Жиналысты басқару және т.б. түрлері бар.
Interviews Интервью Сұхбат (Интервью)
Жобадағы мүдделі тараптармен тікелей диалог құру арқылы қажетті талаптар мен ақпаратты алу үшін қолданылатын әдіс (тәсілдеме).
J
K
L
Leadership Лидерство Көшбасшылық
Ұйымның бизнес мақсаттарына жету үшін топты басқаруға және ынталандыруға қажетті білім, дағдылар мен мінез-құлыққа ие болу.
Lessons Learned Register Реестр извлеченных уроков Алынған сабақтардың реестрі
Ағымдағы және болашақ жобаларда пайдалану үшін жоба барысында алынған білімді тіркеуге пайдаланылатын жобалық құжат.
M
Manage Communications Управление коммуникациями Коммуникацияларды басқару
Жоба ақпараттары мен деректерін уақтылы және дұрыс жинау, құрастыру, бөлу, сақтау, өндіру, басқару, мониторинг жасау, мұрағаттау (архивациялау) және жою процесі. Осы процестің маңыздылығы жоба командасы мен мүдделі тараптар арасында эффективті коммуникация орнату мен ақпарат алмасуды іс жүзінде қамтамасыз ету.
Manage Project Knowledge Управление знаниями проекта Жоба білімдерін басқару
Жоба мақсаттарына қол жеткізу және ұжым ретінде үйренуді ынталандыру үшін бар білімді пайдалану және жаңа білімді жинақтау процесі.
Manage Quality Управление качеством Сапаны басқару
Бұл сапаны қамтамасыз ету процесі. Яғни, жоба шеңберінде сапа стандарттарын бекіту жұмысын және оның мүлтіксіз сақталуын қадағалау арқылы өнім, қызмет немесе нәтиже сапаға сай орындалуын қамтамасыз етіледі. Осылайша, Сапаны басқару жоспары жүзеге асырылады.
Manage Stakeholder Engagement Управление вовлечением заинтересованных сторон Мүдделі тараптарды жұмылдыруды басқару
Мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін қанағаттандыру, туындаған проблемаларға дер кезінде жауап қату және олардың жобаға тиісті түрде ат салысуын жеңілдету мақсатында мүдделі тараптармен байланыс орнату және жұмыс істеу процесі.
Manage Team Управление командой Жоба командасын басқару
Жобаның орындалуын оңтайландыру (оптимизациялау) мақсатында команда мүшелерінің қызметін бақылау, кері байланысты қамтамасыз ету, туындаған мәселелерді шешу және командадағы өзгерістерді басқару процесі.
Meeting Management Управление совещаниями Жиналысты басқару
Бұл жиналыстың күн тәртібін әзірлеу, тиісті қатысушыларды шақыру, қорытынды хаттама дайындау шаралары.
Milestone List Список контрольных событий Маңызды кезеңдер тізімі
Бұл жобадағы ең басты кезеңдерді қамтитын құжат түрі. Бұнда жобада көзделген басты белестердің барлығы, яғни маңызды даталар мен оқиғалар белгіленеді.
Monitor Communications Мониторинг коммуникаций Коммуникациялардың мониторингін жүргізу
Жобаның және оның мүдделі тараптарының ақпаратқа қажеттілігін қамтамасыз ету процесі.
Monitor Risks Мониторинг рисков Рисктердің мониторингін жүргізу
Рисктерге жауап қатудың жоспарланған шараларының орындалуын бақылау, анықталған рисктерді қадағалау, жаңа рисктерді анықтау және талдау, бүкіл жоба бойы рисктерді басқару процесінің тиімділігін бағалау процесі.
Monitor Stakeholder Engagement Мониторинг вовлечения заинтересованных сторон Мүдделі тараптарды жұмылдырудың мониторингін жүргізу
Жобадағы мүдделі тараптармен ара-қатынас қалай жүріп жатқанын қадағалау, ауытқулар мен өзгерістер орын алған жағдайда жоспар мен стратегияны жаңарту, жағдайға қарай адаптациялау процесі.
Monitor & Control Project Work Мониторинг и контроль работ проекта Жоба жұмыстарының мониторингін жүргізу және бақылау
Жобаны басқару жоспарында анықталған нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмыстарды орындаудың жалпы барысын қадағалау, тексеру және есеп беру процесі. Яғни, жобада орындалып жатқан іс-шараларға және соңғы нәтижелерге назар салып, жоба жоспары мен мақсаттарына қаншалықты сәйкес орындалып жатқанын қадағалау және қажет болған жағдайда түзету әрекеттерін қолға алу.
Monitoring & Controlling Process Group Группа процессов мониторинга и контроля Мониторинг және бақылау процестерінің тобы
Бұл жобаның орындалуын қадағалау, талдау және реттеу үшін және қажет болған жағдайда тиісті өзгерістерді енгізу үшін қажетті процестер.
Multicriteria Decision Analysis Анализ решений на основе множества критериев Көпкритериялы шешім анализі
Бұл қарастырылып жатқан шешімдерді бірнеше критериялар бойынша бағалау әдісі. Критерияларды бағалауда тиісті матрица қолданылады. Белгіленген критерияларға барынша сай келетін вариантты ең оптималды шешім ретінде қарастыруға болады.
N
O
Organizational Process Assets(OPA) Активы процессов организации (АПО) Ұйымның Процесс Активтері (ҰПА)
Бұл орындаушы ұйымға тән кәсіпорынның өз ішінде туындаған факторлар. Оған ұйымда пайдаланатын жоспарлар, процестер, саясаттар, процедуралар және білім базаларын жатқызуға болады. Бұл активтер жобаны басқаруға әсер етуі мүмкін.
Output Выход Шығыс
Белгілі бір процесті аяқталғаннан кейін шыққан нәтиже (өнім, қызмет). Басқа процеске кіріс боп бару мүмкін.
P
Precedence Diagramming Method Метод диаграмм предшествования Бастапқылықты диаграммалау әдісі
Әрекеттердің орындалу ретін көрсететін бір немесе бірнеше логикалық байланыс арқылы графикалық түрде кесте үлгісін құру әдісі. Онда әркеттердің басталуы мен аяқталуы, өзара байланысы және орындалу кезегі бейнеленеді.
Predictive Life Cycle Предиктивный жизненный цикл Болжамды (предективті) өмірлік циклі
Жобаның мазмұны, мерзімі және бюджеті жобаның бастапқы кезеңінде анықталатын әзірлеу өмірлік циклінің түрі.
Process Процесс Процесс
Түпкілікті (соңғы) нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттердің жүйелі тізбегі.
Program Программа проектов Жоба программасы
Көзделген нәтижелерге жету мақсатында топтастырылған түрде басқарылатын бірнеше жобалардың жиынтығы. Қысқаша, Жоба программасы бірнеше жобалардан құралады.
Project Проект Жоба
Ерекше өнім, қызмет түрін немесе нәтиже шығаруға бағытталған, уақыт, бюджет және мазмұны жағынан шектеуліктері бар уақытша іс-шаралар жиынтығы.
Project Charter Устав Проекта Жоба жарғысы
Жоба инициаторы немесе демеушісі тарапынан жобаны ресми түрде бекітілгенін растайтын құжат. Бұл құжат тағайындалған жоба менеджеріне жобаны жоспарлауға, орындауға және бақылауға, сонымен бірге ұйымның ресурстарын пайдалануға құқық береді.
Project Communications Management Управление коммуникациями проекта Жоба коммуникацияларын басқару
Жоба коммуникацияларын басқару - кең таралған 10 Білім саласының бірі. Бұл жобадағы мағлұматты өндіру, құрастыру, сақтау, бөлісу және басқару тәсілдерін қарастыруға бағытталған тәжірибе. Бұл коммуникацияларын басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Project Cost Management Управление стоимостью проекта Жоба бюджетін басқару
Жоба бюджетін басқару – кең таралған 10 Білім саласының бірі. Бұл білім саласы жоспарланған барлық жұмыстарды іске асыру үшін қажетті адами және физикалық ресурстардың шығынын (қаржылай сомасын) қалыптастыруға негізделеді. Бұл бюджетті басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Project Integration Management Управление интеграцией проекта Жоба интеграциясын басқару
Жобаны Басқару саласындағы кең таралған 10 Білім саласының бірі. Бұл жобаның барлық бөліктері мен салаларының үйлесімділігіне бағытталған тәжірибе. Интеграцияны басқару жоба менеджерінің тікелей жауапкершілігі. Интеграцияның басты логикасы - жан-жақтан ағылып келген деректер мен мәселелерді сабақтастыра отырып, ортақ бейнені көру және соның негізінде жобаға қатысты дұрыс приоритет қойып, дұрыс, кешенді шешімдер қабылдау. Бұл интеграцияны басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Project Life Cycle Жизненный цикл проекта Жобаның өмірлік циклі
Жобаның басталған сәтінен аяқталғанына дейін өтетін барлық кезеңдері (яғни фазалары). Демек, жоба басталады, жоспарланады, орындалады, аяқталады.
Project Management Управление проектом Жобаны басқару
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті әдістерді, құралдарды және біліктілікті (яғни компетенцияны) жоба барысында қолдану.
Project Management Information System Информационная система управления проектами Жобаны басқарудың ақпараттық жүйесі
Жобаны басқару процестерінің нәтижелерін жинау, интеграциялау (үйлестіру, біріктіру) және тарату үшін қолданылатын құралдар мен әдістерден тұратын ақпараттық жүйе.
Project Management Knowledge Areas Области Знаний по Управлению Проектом Жобаны басқару бойынша білім салалары
Білім саласы деп арнайы біліктілікті талап ететін жобаны басқарудың белгіленген аумағын атайды.
Project Management Plan План управлению проектом Жобаны басқару жоспары
Жобаның қалай орындалатынын, бақыланатынын және қалай жабылатынын (аяқталатынын) сипаттайтын құжат.
Project Management Process Groups Группы процессов управления проектом Жобаны басқару процестерінің топтары
Бұл процестердің логикалық топтастырылуы. Олар Инициация, Жоспарлау, Орындау, Мониторинг және бақылау, Аяқтау процестерінің тобы деп топтастырылады.
Project Manager Менеджер Проектов (Проектный менеджер) Жоба Менеджері
Жоба менеджері - кез келген жобаның бастапқы кезеңінен ақырғы нәтижесіне дейін толықтай жауапты, жобада көзделген нәтижеге жету үшін жобаны және жоба командасын басқаруға уәкілеттік берілген тұлға.
Project Phase Фаза проекта Жоба фазасы (кезеңі)
Жоба фазасы деп жобаның басталған сәтінен аяқталғанға дейінгі жекелеген кезеңдерін айтады. Бұл логикалық тұрғыдан өзара байланысты іс-әрекеттер жиынтығы.
Project Procurement Management Управление закупками проекта Жобадағы сатып алуды басқару
Жобадағы сатып алуды (закуп) басқару - кең таралған 10 Білім саласының бірі. Бұл жобаға қажетті тауарлар мен қызмет түрін сатып алу іс-шараларын қамтитын тәжірибе. Бұл сатып алуды басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Project Quality Management Управление качеством проекта Жоба сапасын басқару
Жоба Сапасын Басқару - кең таралған 10 Білім саласының бірі. Бұл күтілетін нәтиже сипаттарының белгілі бір талаптарға сәйкес келуіне бағытталған тәжірибе. Бұл сапаны басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Project Resource Management Управление ресурсами проекта Жоба ресурстарын басқару
Жоба ресурстарын басқару - кең таралған 10 Білім саласының бірі. Бұл жобаны жүзеге асыруға қажетті адами және материалды ресурстардың түрлері мен көлемін анықтауға бағытталған тәжірибе. Бұл ресурстарды басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Project Risk Management Управление рисками проекта Жоба рисктерін басқару
Жоба рисктерін басқару - кең таралған 10 Білім саласының бірі. Бұл рисктерді болжау, уақытылы анықтау және тиісті жауапты шаралар мен стратегияларды қарастыруға бағытталған тәжірибе. Бұл рисктерді басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады. Жобаны басқару саласы рисктерді екі түрге бөледі: позитивті және негативті рисктер. Позитивті риск деп жобаға жағымды әсер ететін факторларды айтады. Ал негативті риск дегеніміз, керісінше, жағымсыз әсер ететін жағдайлар.
Project Schedule Расписание проекта Жоба кестесі
Барлық әрекеттердің орындалу тізбегін, мерзімін, жобаның маңызды кезеңдері мен жалпы аяқталу уақытын көрсететін графикалық көрініс. Форматы әртүрлі болуы мүмкін.
Project Schedule Management Управление расписанием проекта Жоба кестесін басқару
Жоба кестесін басқару - кең таралған 10 Білім саласының бірі. Жоба кестесі жоба мазмұнында анықталған барлық орындалуы тиіс жұмыстардың негізінде құралады. Белгіленген әрекеттерге кететін уақытты анықтау арқылы, жалпы жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын мерзім белгілінеді. Осылайша, жоба кестесі қалыптасады. Бұл жобаның уақытылы орындалуын қамтамасыз ететін кестені басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Project Schedule Network Diagram Диаграмма сети расписания проекта Жоба кестесінің тізбекті диаграммасы
Бұл жоба кестесіндегі әрекеттердің орындалу тізбегі мен тәуелділіктерін, өзара логикалық байланысын бейнелейтін графикалық көрінісі.
Project Scope Management Управление содержанием проекта Жоба мазмұнын басқару
Жоба мазмұнын басқару - кең таралған 10 Білім саласының бірі. Басты логикасы - жоба фазаларының немесе жалпы жобаның соңғы нәтижесі не болу керек, сипаты қандай, оған жету үшін қандай жұмыстар мен әрекеттер орындалуы керек деген секілді сұрақтарға тиісті жауап алу. Бұл мазмұнды басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Project Scope Statement Описание содержания проекта Жоба мазмұнының сипаттамасы
Негізгі нәтижелерді, болжамдарды және шектеулерді қамтитын жобаның мазмұнын сипаттайтын құжат.
Project Stakeholder Management Управление заинтересованными сторонами проекта Жобаның мүдделі тараптарын басқару
Жобаның мүдделі тараптарын басқару - кең таралған 10 Білім саласының бірі. Бұл жобаға тікелей немесе жанама қатысы бар тиісті тараптарды дер кезінде анықтап, олармен дұрыс қарым-қатынас құрудың стратегиясы мен жоспарын құрастырып, осыларды жүзеге асыруға бағытталған тәжірибе. Бұл мүдделі тараптарды басқарудың арнайы процестері арқылы жүзеге асады.
Q
R
Requirements Documentation Документация по требованиям Талаптар құжаты
Бұл не іске асырылу керек және соған байланысты әрбір белгіленген талап жоба үшін неліктен маңызды екенін сипаттайтын құжат. Барлық талаптарды матрицалық форматта, яғни кесте түрінде жасауға болады. Оған қоса, әрбір талаптың жеке нумерациясын, сипаттамасын, тіпті талапты қойған адамның есімін және т.б. аттрибуттарын қолдануға болады. Бұндай аттрибуттар, әрбір талапты жеке-жеке қарастыру және қадағалау үшін өте қолайлы.
Resource Optimization Technique Метод оптимизации ресурсов Ресуртарды оптимизациялау әдісі
Ресурстарға сұранысты реттеcтіру мақсатында операциялардың басталу және аяқталу күндерін түзету әдісі.
S
Schedule Compression Сжатие расписания Кесте компрессиясы
Жоба мазмұнын өзгертпестен кестенің ұзақтығын қысқарту үшін қолданылатын әдіс. Оның қысқарту (ағыл. Crashing) және жылдамдату (ағыл. Fast tracking) деген түрлері бар.
Sequence Activities Определение последовательности операций Әрекеттердің ретін анықтау
Жоба әрекеттері арасындағы байланыстарды анықтау және құжаттау процесі.
Simulation Симуляция Симуляция
Әртүрлі белгісіздіктердің мақсаттарға әсер ету ықтималдығын бағалау үшін олардың әсерін модельдейтін аналитикалық әдіс.
Strategic and Business Management Стратегическое управление и управление бизнесом Стратегиялық менеджмент және бизнесті басқару
Стратегиялық тұрғыда ауқымды ойлана білу және бизнестің көздеген нәтижелеріне жету үшін тиісті білім, кәсіби біліктілік пен тәжірибеге ие болу.
T
Tailoring Адаптация Сәйкестендіру (адаптация)
Жобаны басқару үшін қажетті процестердің, кірістердің, құралдардың, әдістердің, шығыстардың, сонымен қатар фазалардың сәйкес комбинациясын анықтау.
Technical Project Management Техническое управление проектами Жобаны басқарудың техникалық дағдылары
Жобаны басқарудың техникалық аспектілерін білу және нақты саласына қатысты білім мен дағдыларға ие болу.
Technique Метод Әдіс (тәсіл)
Өнімді немесе нәтижені алу немесе қызмет көрсету мақсатында операцияны орындау үшін қолданатын анықталған жүйелі процедура (іс-шаралар). Әрбір әдіс бір немесе бірнеше құралдарды қолдануы мүмкін.
Three-Point Estimating Оценка по трем точкам Үш нүкте бойынша бағалау
Әрекеттердің құнын немесе ұзақтығын анықтау үшін Пессемистік, Реалистік және Оптимистік пайымдаулардың орташа көрсеткішін пайдалана отырып бағалау әдісі.
Tool Инструмент Құрал
Өнімді немесе нәтижені шығару үшін операцияны\процесті орындау кезінде қолданылатын нақты нәрсе (мысалы, құжат үлгісі немесе компьютерлік бағдарлама).
Trend Analysis Анализ тенденций Даму үрдісін талдау
Атқарылған жұмыстар мен шыққан нәтижелерді ескере отырып, жобаның даму тенденциясына болжам жасау әдісі. Яғни, барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр ма, әлде керісінше нашарлап жатыр ма деген секілді үрдіс бағытын анықтайды және жоспардан ауытқудың себебі мен дәрежесін саралап, соның негізінде коррективті немесе превентивті шараларды қолдануға қатысты тиісті шешімдер қабылданады.
U
V
Validate Scope Подтверждение содержания Мазмұнды бекіту
Мазмұнды бекіту – жобаның аяқталған соңғы нәтижелерін ресми түрде қабылдау процесі. Бұл шығарылған өнім, қызмет түрі немесе көзделген нәтиже құжатталған мазмұнмен сәйкес келгенде ғана мүмкін.
Variance Analysis Анализ отклонений Ауытқуларды талдау
Бекітілген кесте мен шыққан нәтиженің арасындағы сәйкестік пен айырмашылықты анықтау әдісі. Айырмашылық бар ма? Белгіленген шектен шықты ма? Түпкі себебі не? - деген секілді мәселелерді қамтиды.
W
What-If Scenario Analysis Анализ сценариев «что если» «Егер де» сценарий анализі
«Егер де» деген сұрақ қою арқылы жобада орын алуы мүмкін әртүрлі сценарийлерді қарастыратын әдіс. Осының негізінде аталмыш сценарийлердің жоба мақсаттарына әсері болжамданады.
Work Performance Data Данные об исполнении работ Жұмыстардың орындалуы туралы деректер
Бұл жобадағы әрекеттерді (операцияларды) орындау барысында анықталған өңделмеген бақылаулар мен өлшеулер. Бұл жерде назар аударатын маңызды нәрсе – ол дерек пен ақпарат арасындағы айырмашылық. Дерек жан-жақтан жиналған, өнделмеген, талданбаған шикі мәлімет көзі. Талданып, өнделгеннен кейін деректер ақпаратқа айналады.
Work Performance Information Информация об исполнении работ Жұмыстардың орындалуы туралы ақпарат
Бақылау процестері барысында жиналған және жобаны басқару жоспарының құрамдас бөліктерімен, жоба құжаттарымен және басқа ақпарат көзімен салыстыра отырып талданған жұмыс өнімділігі туралы деректер.
Work Performance Report Отчет об исполнении работ Жұмыстардың орындалуы туралы есеп
Бұл жобаның жағдайы туралы хабардар болуға және тиісті шешімдер қабылдауға қажет ақпаратты жеткізу форматы. Аталмыш есеп dashboard, диаграмма, инфографика және тб түрде болу мүмкін. Бастысы, осы есеп ары қарай тиісті іс-шаралардың орындалуынаитермелеуі тиіс.
X
Y
Z
Исправление отступа для букв при скроле

"Жобаны басқару" бойынша қазақ тіліндегі онлайн курстарында жобаны басқару негіздері мен озық тәжірибелерді үйреніңіз. Біздің курстар мамандықтың барлық аспектілерін қамтиды: жобаны жоспарлау мен жобаны басқарудан бастап жобалық командалардағы өзара әрекеттесуге дейін. Жоба процестері, жоба менеджері тапсырмаларын және жобамен байланыс әдістерін меңгеру арқылы жобаны басқарудың тиімді дағдыларына ие болыңыз. Курсты кез келген жерде, кез келген уақытта оқыңыз және жобалық жұмыс саласында тапшы мамандардың бірі болыңыз!

Жобаларды басқару курсын тәжірибеңіз болмаса да оқи аласыз. Курс табысты маман болуға көмектесетін пайдалы білім мен практикалық дағдыларды береді. Біз жобаны басқарудың барлық аспектілерін қамтитын ақпаратты ұсынамыз, соның ішінде жобаны басқару, жобаны жоспарлау, коммуникация, тәуекелдерді басқару және т.б. бар.

Біздің сарапшылар тобы әр курсты жобаны басқарудағы озық тәжірибелер мен ағымдағы үрдістерді көрсету үшін бейімдеді. Біз Сіз үйренген нәрселерді барынша тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ету үшін әртүрлі оқыту әдістерін, соның ішінде бейне оқулықтарды, интерактивті тапсырмаларды және кейс-стадилерді пайдаланамыз.


Кері байланыс
Осы ресурс бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, осы форманы толтырып, хат жолдаңыз. Жауап беруге әрқашан дайынбыз! Кері байланыс