Басты бетЖоба жайында

Жоба жайында - жобаны басқару саласындағы серіктесіңіз

Жобаны Басқаруға арналған қазақ тіліндегі алғашқы онлайн ресурсына қош келдіңіздер!

Осы ресурстың пайда болуына аталмыш тематика бойынша толыққанды әрі сапалы қазақ тілді материалдардың болмауы себеп болды.

Біраз жыл жергілікті және шетелдік компанияларда осы салада жұмыс істеп, тәжірибе жинап кеп, Жобаны Басқарудың әлемдік стандарты қандай, ғылыми түрде қарастырылған әдіс-тәсілдері бар ма деген сұрақтар туындады. Осылайша, зерттей келе әлемде кең таралған бірнеше стандарттар бар екенін белгілі болды. Сұрастырулар мен ізденістердің арқасында біраз мағлұмат жиналды. Осы тақырыпты тереңірек қазбалауға, соған уақытты, қаражатты сарп етуге бел будым. Ақырында, осы сала бойынша арнайы оқудан өтіп, емтиханын сәтті тапсырып, әлемдік деңгейдегі Американдық сертификациясына қол жеткіздім.

Әрине, бұл оңай болған жоқ және пайдалы білім ешқашан оңай жолмен келген емес. Себебі, бұл көп уақытты, шыдамдылық пен табандылықты талап етеді. Қалай болғанда да, қойған мақсатқа қол жетті! Алайда, бұл әлемдік деңгейдегі алған білімнің практикалық құндылығы мен пайдасы бар екенін көрген соң, «Неге бұның барлығы қазақ тілінде жоқ?», «Қазақ қоғамына бұл пайдалы білім осы күнге дейін неге жетпеген?» - деген сұрақтар мазалады. Бірнеше жылдар бойы осы оймен жүріп, ақырында, жинаған білімді қазақшаландыруға шешім қабылданды. Осыған уақытымызды, бар білгенімізді, күшімізді, қаражатымызды салдық. Соңында, тиісті нәтиже шықты. Сол нәтиже көз алдарыңызда. Оған тиісті бағасын өздеріңіз алдағы уақытта бере жатарсыздар. Жақсы ұсыныстар мен конструктивті критикаға әрқашан ашықпыз және қуана қабылдаймыз! 

Аталмыш жоба (яғни, онлайн платформа) қазақ тілді сапалы контенттің дамуы үшін, әсіресе, қазақ тілді жастардың кәсіби дамуы үшін жасалған дүние! Құндылығын түсініп, жұмысыңызда, кәсібіңізде, тіпті күнделікті өміріңізде пайдаңызға асырасыздар деп үміттенеміз. Осы еңбек ақталып, елге пайдасы тиеді деп сенеміз! Осы білім саласы ана тілімізде әрі қарай дамуы үшін, ел болып жұмылып, өз қолдауыңызды аямаңыздар!

Ізгі ниетпен,
Айбол Жарылқасын (AJ)
AJ PROJECTS жобасының авторы
PMP (Project Management Professional)

"Жобаны басқару" бойынша қазақ тіліндегі онлайн курстарында жобаны басқару негіздері мен озық тәжірибелерді үйреніңіз. Біздің курстар мамандықтың барлық аспектілерін қамтиды: жобаны жоспарлау мен жобаны басқарудан бастап жобалық командалардағы өзара әрекеттесуге дейін. Жоба процестері, жоба менеджері тапсырмаларын және жобамен байланыс әдістерін меңгеру арқылы жобаны басқарудың тиімді дағдыларына ие болыңыз. Курсты кез келген жерде, кез келген уақытта оқыңыз және жобалық жұмыс саласында тапшы мамандардың бірі болыңыз!

Жобаларды басқару курсын тәжірибеңіз болмаса да оқи аласыз. Курс табысты маман болуға көмектесетін пайдалы білім мен практикалық дағдыларды береді. Біз жобаны басқарудың барлық аспектілерін қамтитын ақпаратты ұсынамыз, соның ішінде жобаны басқару, жобаны жоспарлау, коммуникация, тәуекелдерді басқару және т.б. бар.

Біздің сарапшылар тобы әр курсты жобаны басқарудағы озық тәжірибелер мен ағымдағы үрдістерді көрсету үшін бейімдеді. Біз Сіз үйренген нәрселерді барынша тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ету үшін әртүрлі оқыту әдістерін, соның ішінде бейне оқулықтарды, интерактивті тапсырмаларды және кейс-стадилерді пайдаланамыз.


Кері байланыс
Осы ресурс бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, осы форманы толтырып, хат жолдаңыз. Жауап беруге әрқашан дайынбыз! Кері байланыс